Елдімекендерді су тасқынынан қорғауға 160,2 млрд теңге бөлінді

841

Елдімекендерді су тасқынынан қорғау үшін 212 шара атқарылады. Бұл іс 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы жол картасы арқылы жүзеге асады.

Елдімекендерді су тасқынынан қорғауға 160,2 млрд теңге бөлінді

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің мәлімдеуінше, жол картасына 
160,2 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жол картасына республикалық бюджеттен – 131,6 млрд, жергілікті бюджеттен – 28,6 млрд теңге жұмсалады. Іс барысында өзен арналары тазаланып, канал, бөгет салынады. Нөсерлік кәріз жүйесі дамытылады, авто және темір жолдар, көпірлер жөнделеді", – деді Юрий Ильин.

Белгілі болғандай, жол картасы бойынша да 84 өзен арнасы қайта жаңғыртылады. 4 канал салынып, 11 канал жөнделеді. 34 қорғау бөгеті салынып,  24 бөгет дұрысталады. Автомобиль және 1 темір жолдың 5 учаскесі мен 4 көпірді жөнделеді. Республикалық және жергілікті бюджет есебінен 4 су өткізу құбыры салынады. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу