Елдімекендердің атауын өзгертуге мораторий жарияланды

1079

Мамырдың 1-нен желтоқсанның 31-не дейін еліміздегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауын ауыстыруға тыйым салынды. 

Елдімекендердің атауын өзгертуге мораторий жарияланды

Бұған алда өткізілетін жалпыұлттық халық санағы себеп болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жоғарыда көрсетілген уақыт аралығында ауыл, кент, ауылдық округ, қала, аудан, облыс құруға, таратуға және қайта құруға болмайды.

Біле жүріңіз, ел аумағында онлайын жалпыұлттық халық санағы  1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өтеді. Санақ sanaq.gov.kz сайтында жүргізіледі. Ал дәстүрлі санақ 1-30 қазан аралығында ұйымдастырылады.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу