Қазақстандық банктерде депозиттер азаюда

597

Отандық банктердегі қазақстандықтардың депозиттері 16,7 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 1,2%-ға, бір айда 0,4%-ға төмендеді. 

Қазақстандық банктерде депозиттер азаюда Фото: ranking.kz

Оған қарамастан кейбір қаржы институттары оң динамика сақтады, деп жазады Inbusiness.kz ranking.kz порталына сілтеме жасап.

Bereke Bank жыл басынан бері халық депозиттері портфелінің өсімі бойынша көшбасшы атанды. Екінші орынға Фридом Финанс Қазақстан банк орналасты. 

Ресурстың жазуынша, жыл басынан бері тағы 6 екінші деңгейлі банктерде өсім тіркелді: ВТБ банк (5,7%), Home Credit Bank (4,7%), Отбасы банк (4%), Al Hilal ислам банкі (3,4%), Қазақстандағы Қытай банкі (2,8%) және Қытай СӨБ (0,1%). Ақпан айында Al Hilal ислам банкі мен Қытай СӨБ көрсеткіші төмендеген.

Al Hilal ислам банкі, қытайлық екі банк, ВТБ банкінің әрқайсының үлесі бөлшек депозиттер нарығының 0,1%-нан аспайды.

Жыл басынан бері елімізде 21 банктің 13-інің, ал ай қорытындысы бойынша он бірінің көрсеткіші төмендеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу