Елдің бас шыршасы қашан жағылады?

725

Оның биіктігі – 25 метр.  

Елдің бас шыршасы қашан жағылады?

Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасы Қазақстанның бас шыршасы қашан жағылатынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мәдениет басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл 19 желтоқсанда сағат 19:00-де ЭКСПО көрмесінің аумағында елдің бас жаңа жылдық шыршасын жағу рәсімі өтеді.

"Басты шырша "Нұр Әлем" сферасының маңында орналасқан. Оны жағу рәсіміне орай концерт ұйымдастырылады. Оған қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады", – деп жазылған хабарламада.

Іс-шараға елорда тұрғындары мен қонақтары қатыса алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу