Елдің басым бөлігінде аптап ыстық болады

676

Қазгидромет сайтында 25 маусымға арналған ауа райы болжамы ұсынылды.    

Елдің басым бөлігінде аптап ыстық болады

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде бұршақ жауады, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 34-36 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 29-31 градус жылы.

Шымкентте күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 37-39 градус жылы. Ақтауда күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 30-32 градус жылы.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 градус жылы.  

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 34-36 градус жылы.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 33-35 градус ыстық.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, жел 7-12 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 27-29 градус жылы. Өңірде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанайда күн бұлтты, түнде және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 23-25 ​​градус жылы. Өңірде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылордада ауа райы ашық, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с болады деп болжайды. Ауа температурасы түнде 25-27, күндіз 42-44 градус жылы.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 36-38 градус жылы. Өңірде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін.   

Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр жауады, түнде және күндіз найзағай ойнайды, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы. Өңірде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.

Талдықорғанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10, екпіні 14 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 34-36 градус жылы.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 34-36 градус жылы.

Түркістан қаласы бойынша күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз 40-42 градус жылы.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы. Аймақта найзағай күтіледі.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 градус жылы.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу