18 маусымда еліміздің бірқатар өңірінде құбылмалы ауа райы күтіледі. Синоптиктер жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел туралы ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Астана, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында қатты жаңбыр мен бұршақ күтілсе, Алматы, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында 35-40 градусқа дейін аптап ыстық сақталады.
Шымкент, Түркістан және Жамбыл облыстарының бірқатар аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Сонымен қатар бұл өңірлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Мамандар жоғары температура мен қатты желге байланысты тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.