Елдің басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады

119

"Қазгидромет" РМК 5 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елдің басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады Фото: freepik

Ел аумағына циклон мен оған байланысты атмосфералық фронт әсер етеді. Бұл факторлар Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, солтүстікте қатты жауын-шашын және желдің күшеюін тудырады. Оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғуы мүмкін. Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік пен солтүстік-батыста тұман түсуі ықтимал.

Өрт қаупі жоғары аймақтар:

Жоғары өрт қаупі Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында; Қарағанды облысының батысы, шығысы және оңтүстігі; Ақмола облысының батысы, солтүстігі, орталығы мен оңтүстігі; Атырау облысының солтүстік-батысы мен шығысы; Қостанай облысының солтүстік-батысы, оңтүстік-шығысы; Павлодар облысының солтүстік-батысы, орталығы мен оңтүстік-шығысы; Түркістан облысының орталығы; Алматы облысы; Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі; Абай облысының солтүстік-батысы, шығысы, оңтүстік-батысы және орталығында күтіледі.

Аса жоғары (төтенше) өрт қаупі Қызылорда, Түркістан (солтүстік, батыс, оңтүстік, таулы аудандары), Жамбыл (батыс, шығыс, таулы аудандары), Ақтөбе (батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс), Атырау (оңтүстік, солтүстік, батыс), Алматы (батыс, солтүстік), Маңғыстау (батыс), Қостанай (оңтүстік) облыстары мен Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының солтүстігі мен шығысында сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу