Елдің басым бөлігінде найзағай, бұршақ және қатты ыстық күтіледі

352

Бірқатар өңірде дауылды жел соғып, өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.  

Елдің басым бөлігінде найзағай, бұршақ және қатты ыстық күтіледі Фото: kartin.papik.pro

9 маусымда Қазақстанның көптеген өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстік, орталық және батыс аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, дауыл соғады.

Ең күрделі жағдай Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында байқалмақ. Бұл өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ, екпінді жел және кей жерлерде тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 25-28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Астана қаласында да жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Күндіз шаңды дауыл мен бұршақ болып, желдің екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді. Шымкентте өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Сонымен қатар Павлодар, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстарында аптап ыстық сақталады. Кей өңірлерде ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтеріледі.

Түркістан, Қызылорда, Ақмола және Павлодар облыстарының жекелеген аудандарында шаңды дауыл күтіледі.

Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертті. Әсіресе Алматы, Абай, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарында өрт қаупі жоғары деңгейде болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу