Елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

960

Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.  

Елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында боран соғады.

Өскеменде оңтүстік-шығыстан, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында көктайғақ болады. Өңірдің басым бөлігінде тұман түседі.

19-20 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз секундына 19 метрге жетеді. 20 желтоқсанда желдің күші секундына 23-28 метр болады. Оның күші секундына 30 метрге жетуі мүмкін.

19-21 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қарағанды облысында түнде батыста, күндіз солтүстікте, шығыста, орталығында көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады. Қарағандыда шығыстан жел соғып, оның күші секундына 15-20 метрге жетеді.

19 желтоқсанда Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Тау бөктеріндегі аудандарда таңертең және күндіз секундына 15-20 метр, таулы аудандарда секундына 23-28 метр, тау асуларында секундына 30 метр жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман түседі.

19 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда тұман, көктайғақ болып, күндіз боран соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында боран соғып, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың шығысында секундына 15-20 метрге жетеді.

18-22 желтоқсанда Алматы облысы Алакөл ауданында оңтүстік-шығыстан секундына 17-22 метр жылдамдықпен жел соғады. Оның екпіні секундына 25 метрге жетуі ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу