Елдің батысында республикалық тасжолдың 7 учаскесінде қозғалыс шектелді

530

Бұрқасын, шектеулі көрініс.

Елдің батысында республикалық тасжолдың 7 учаскесінде қозғалыс шектелді Фото: Inbusiness.kz

"ҚазАвтоЖол" АҚ Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілген 7 учаске:

1. "Орал-Тасқала-РФ шек." 4-104 км, Орал қ. - РФ шек. - 100 км.

2. "Самара-Шымкент" 195-251 км, РФ шек.-Орал қ. – 56 км.

3.. "Самара-Шымкент" 261-393 км,  Подстепное к. - Жымпиты к. – 132 км.

4. "Атырау-Орал" 189-492 км, Атырау обл. шек-Орал қ. – 303 км.

5. "Орал-Теплое" 5-33 км, Орал қ.- РФ шек. - 28 км.

6. "Подстепное-Федоровка-РФ шек." 0-36 км, Подстепное к.-Федоровка а. - 36 км.

7. "Жайық өзені арқылы өтетін көпір өткелі" 0-14 км, Подстепное к.-Құс фабрикасы – 14 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады. (Бұрқасын, шектеулі көрініс).

Осы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 765 бірлік техника және 1452 адам жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу