"Қазгидромет" 21 тамызға Қазақстанның бірқатар өңірі бойынша дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Астана мен Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Алматы, Шымкент, Ұлытау, Қызылорда, Алматы және Жамбыл облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында жел күшейіп, Алакөл ауданында екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл болжанады. Жекелеген өңірлерде желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.
Батыс өңірлерде де ыстық ауа райы сақталады. Атырау облысында күндіз 35-38 градус, Маңғыстауда 38 градус, Батыс Қазақстан облысында 35 градусқа дейін ыстық күтіледі.
Сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Қызылорда және Түркістан облыстарында жел күшеюі, шаңды дауыл, жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Алматы қаласының таулы аймақтарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі.