Елдің дамуындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуы бойынша Парламенттік комиссия құрылады

486

Оның құрамына әр палатадан 9 депутаттан мүше болады деп көзделген.

Елдің дамуындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуы бойынша Парламенттік комиссия құрылады Фото: ҚР Парламент Сенаты

Сенаторлар Жоғары палатаның регламентіне сәйкес "Қазақстан Республикасының орнықты дамуы саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі Парламенттік комиссияның құрамына ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау туралы" қаулыны қабылдады, деп жазады inbusiness.kz.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Парламентте орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізетін Парламенттік комиссия құру жұмыстары қолға алынды. Бұл комиссияның негізгі мақсаты – орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді тиімді іске асыруға жәрдемдесу. Комиссия құрамына әр палатадан 9 депутаттан мүше болады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ оның жұмысына Үкімет мүшелері, халықаралық ұйымдар мен қоғамдық ұйымдардың, үкіметтік емес сектордың өкілдері және сарапшылар мен ғалымдар қатысып отырады", - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Ол Парламент регламентіне сәйкес екі палата бірлескен отырысқа дейін комиссия құрамына енетін кандидатураларды айқындауы қажет екенін атап өтті.

Сенат отырысында Парламенттік комиссия мүшелерін сайлау туралы Сенат қаулысы дауысқа қойылып, қабылданды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу