Елдің қай аймағында күріш қымбат?

734

Маусым айында Қазақстанда тегістелген және жылтыратылған күріштің бір келісі орта есеппен 604 теңге тұрды.  

Елдің қай аймағында күріш қымбат? Фото: Fasol.TV

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 47,6%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Республиканың ірі қалаларының ішінде күріш Орал (келісі үшін 828 тг), Ақтау (787 тг) және Астанада (721 тг) қымбат. Өз кезегінде Талдықорған (459 тг), Петропавл (463 тг) және Қызылордада (495 тг) арзан тұрады.

Күріш бағасының ең жоғары жылдық өсімі Батыс Қазақстан облысында тіркелді: 80,7%. Антилидерлер үштігінде Түркістан (74%) және Ақмола (64,6%) облыстары да бар. Ең төменгі жылдық өсім Атырау облысында байқалды: 21,6%.

Биылғы 5 айда республикада 72,1 мың тонна күріш өндірілді. Бұл былтырғыға қарағанда 19%-ға аз.

Барлық өндірістің 90,4%-ы Қызылорда облысының үлесіне тиді: 65,2 мың тонна. Күріш Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарында да өндіріледі.

Қазақстанда былтыр 213,4 мың тонна күріш өндірілген.

Отандық күріш өсірушілер осы жылдың қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша сектордағы сұранысты 91,9%-ға қамтамасыз етті. Импорт үлесі 8,1 пайызға дейін артты. Елге 5,1 мың тонна күріш әкелінді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 45,5%-ға артық.

Экспорт 11,8%-ға өсті. Ішкі нарықта күріш сату бір жылда 32,6%-ға азайған.

Биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша елімізден 32,7 мың тонна күрші экспортталды.

Қазақстандық күріштің басым бөлігі ТМД елдеріне жөнелтіледі: 32,4 мың тонна. Достастық елдерінің ішінде отандық күрішті негізгі сатып алушы ел – Өзбекстан: 14,3 мың тонна. Үздік үштікте Ресей мен Тәжікстан бар.

ТМД құрамына кірмейтін әлемнің басқа елдеріне еліміз 309 тонна күріш жіберді. Бұл былтырғыға қарағанда 84%-ға аз. Мұнда Моңғолия, АҚШ және Грузия көш бастап тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу