Жер сілкінісі 5 қаңтарда Астана уақытымен сағат 10:15-те Жамбыл және Алматы облыстарының шекарасында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жерасты дүмпуінің ошағы Жамбыл облысына қарасты Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы – 3,7 балл.
Ал Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының дерегі бойынша, жер сілкінісінің магнитудасы 4,2 болған. Бұл дерекке сәйкес эпицентр Қордайдан солтүстік-шығысқа қарай 88 шақырым жерде тіркелген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу