Елдің шығысы мен солтүстігінде су тасқыны күшеюі мүмкін - болжам

257

Аталған өңірлердің жекелеген аумақтарында әлі қар жатыр.

Елдің шығысы мен солтүстігінде су тасқыны күшеюі мүмкін - болжам Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК гидрологиялық болжамдар басқармасының басшысы Серік Ибраев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Солтүстік және шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын салдарынан әлі де қар жатқан өңірлер бар. Шығыс Қазақстанның солтүстік жартысында, таулы шыңдарында, одан бөлек Солтүстік Қазақстан облысында да қар жатыр. Жаңбыр жаууы қардың еруіне әкеп соғады. Осы орайда су басу қауіптері сақталады", - деді спикер елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Журналистер шығыс пен солтүстік өңірлерде су тасудың күшею қаупі бар ма деп нақтылады.

"Қаупі бар", - деп қысқа қайырды Серік Ибраев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу