Елдің сыртқы борышы төмендеуде – Ұлттық банк

808

2018 жылдың соңында ол бір жылда 8,4 млрд АҚШ долларына қысқарып, 158,8 млрд АҚШ долларын құрады.

Елдің сыртқы борышы төмендеуде – Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты инфляциялық таргеттеу режимінде жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков сенаттың кеңейтілген отырысында айтып берді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Ол 2018 жылы инфляция біртіндеп төмендегенін және 5-7% нысаналы дәліз ішінде қалыптасып, жыл қорытындысы бойынша 5,3%-ды құрағанын атап өтті. 2019 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция да 5,3% деңгейде қалыптасты.

"Инфляцияның тұрақтануы Ұлттық банкке базалық ставканы төмендетуге мүмкіндік берді. 2018 жылы ол біртіндеп 10,25%-дан 9,25%-ға дейін төмендетілді. Биылғы жылғы сәуірде ол 9,00%-ға дейін төмендетілді. Тұтастай алғанда, ақша-кредит саясатының сипатын инфляция бойынша мақсаттарға қол жеткізуге де, орнықты әрі экономиканың инфляциясыз өсуіне жәрдемдесуге ықпал ететін бейтарап инфляция ретінде сипаттауға болады", – деп хабарлады Смоляков.

Ол теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы валюта саясатын жүргізу режимі болып қалып отырғанын қоса айтты.

"Бағам мұнай бағасы және ірі сауда әріптес елдер валюталарының, әсіресе Ресей рублінің бағамдары сияқты іргелі факторлардың, сондай-ақ ішкі факторлар мен маусымдылықтың әсерінен қалыптасуы мүмкін", – деп түсіндірді Олег Смоляков.

Сонымен бірге Ұлттық банк төрағасының орынбасары еліміздің төлем балансымен ахуал жақсарғаны туралы айтты.

"Ағымдағы шот 2 тоқсан қатарынан профицитпен қалыптасып отыр. Мәселен, алдын ала бағалау бойынша, 2019 жылғы 1-тоқсанда ағымдағы операциялар шотының профициті сауда балансының 14,4%-ға 7,1 млрд АҚШ долларына дейін кеңеюі нәтижесінде 0,8 млрд АҚШ долларын құрады. Елдің сыртқы борышы төмендеуде. 2018 жылдың соңында ол бір жылда 8,4 млрд АҚШ долларына қысқарып, 158,8 млрд АҚШ долларын құрады. Оның құрылымында 63,6%-ды фирмааралық берешек құрайды", – деді ол

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу