Елдің сыртқы қарызы 467 млн долларға азайған

983

2019 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша еліміздің сыртқы қарызы 158,3 млрд долларды құрады. 

Елдің сыртқы қарызы 467 млн долларға азайған

Ұлттық банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері сыртқы қарыз көлемі 0,8% -ға немесе 467 млн долларға қысқарған. 

Реттеуші бұл салада мекеме аралық берешектер басымдылыққа ие екенін мәлімдеді. Ол жалпы қарыздың 63,3%-ы. Сонымен қатар, корпоративті саланың сыртқы қарызы – 25,1%, мемлекеттің сыртқы берешегі (Үкімет пен Ұлттық банк) – 8%, банк секторының сыртқы қарызы (ЕДБ мен "Қазақстанның Даму банку" АҚ) – 3,6%.

Ал Ұлттық қорды қоспағандағы резервтік активтер 28,2 млрд долларға бағалануда. 

Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық банк 2019 жылдың қаңтар айында Қазақстанның сыртқы қарызы ішкі жалпы өнімнің 93,1%-ын, яғни 158,8 млрд долларды құраған деп хабарлаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу