"Атамекен" одағында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі және өңірлердегі туристік бизнес өкілдерінің қатысуымен "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ-ның қызметі жөнінде жиын өтті.
"Kazakh Tourism" ҰК" АҚ-ның басқарма төрағасы Күзембаев Рашид Талапұлы ұлттық компания қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды.
Рашид Күзембаев атап өткендей, ұлттық компания Қазақстанның туристік өнімін көпшілікке танытудың бірыңғай саясатын қалыптастырып, оның аясында елдің туристік бренді құрылады. Басымды кластерлердің бәсекеге қабілетті туристік өнімдеріне, сондай-ақ "Алманың отаны", "Қызғалдақтың жолы", "Ұлы Жібек жолы", "Алтай - өркениеттердің бесігі" және "Жылқының отаны" атты 5 бәсекеге қабілетті туристік өнімдерге басты назар аударылады және аталғандардың негізінде "Apple fest", "Tulip Way" мен басқа да тақырыптық фестивальдер өткізіледі.
Инвестициялар тұрғысынан ұлттық компания инвесторларды тартуда өзінше ерекшеленеді, Инвестицияларды дамыту тұжырымдамасымен белгіленген басымдық кластерлерге "зәкір" инвесторларды тартуға көңіл бөлінеді, бұнда мемлекет "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ ретінде ірі "якорь" жобаларында тең инвестор бола алады.
"Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі және "Атамекен" КҰП-пен бірлесе отырып, жеңілдіктер алу үшін туризм индустриясын басымдықты тізімге енгізу, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік нысандарын дамыту және халықаралық қаржы ұйымдары мен даму институттарымен өзара іс-қимыл жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде", - деп атап өтті Күзембаев.
Ең алдымен уәкілетті органмен және "Атамекен" КҰП-пен бірге туристік қызмет субъектілерінің тізімін заңнамалық түрде кеңейту қажет. Бүгінгі таңда, заңға сәйкес туроператорлар, туристік агенттіктер, бағыттаушылар, бағыттаушылар ғана, ал бұл тізімге туристік инфрақұрылымды, ойын-сауық индустриясын және т.б. дамытуға жұмсайтын барлық кәсіпорындар кіруі тиіс.
"Kazakh Tourism" ҰК" АҚ және "Атамекен" КҰП арасында кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.