Елдің ЖОО-ларында шетелдіктерге арналған стипендиялық бағдарламаға құжат қабылдау басталды

706

Республикадағы университеттерде білім алуға арналған стипендиялық бағдарламаға құжат қабылдау басталды. 

Елдің ЖОО-ларында шетелдіктерге арналған стипендиялық бағдарламаға құжат қабылдау басталды Фото: Жұбанов Университеті

Оған шетел азаматтары, Қазақстан Республикасының азаматығы жоқ қазақ ұлтының өкілдері қатыса алады, деп жазады inbusiness.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өтінішті ҚР ҒЖБМ Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығының https://enic-kazakhstan.edu.kz/ веб-порталы  арқылы беруге болады. Құжаттарды онлайн қабылдау 30 наурыздан бастап 30 маусымға дейін жалғасады.

 "Жоғары білім беруді интернационалдандыру мақсатында бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарында шетел азаматтарын оқыту үшін 550 грант, оның ішінде бакалавриатқа 490 грант, магистратураға 50 грант, PhD докторантураға 10 грант бөлінген. Бағдарлама аясында тегін білім беру мен білім алушының академиялық жетістіктеріне байланысты ай сайынғы стипендиямен қамтамасыз етіледі", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, үміткерлерді іріктеу ұсынылған құжаттар, бейімделу әлеуетін анықтауға арналған онлайн-тестілеу нәтижелері және онлайн әңгімелесу негізінде жүргізіледі. 

Стипендиаттар есімі 28 тамызға дейін белгілі болмақ.

Қосымша сұрақтар бойынша стипендиялық бағдарлама операторына келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: +7 (7172) 28 75 26, 28 75 31.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу