Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Елдос Қоспаевқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
11 адам рейдерлікпен айналысты, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған қатысты деп айыпталды.
Ұйымдасқан қылмыстық топ AV-Construction, Profit Trade Ltd, Azovita Aktau, Azovita Atyrau сияқты компанияларды басып алу күдігіне ілінген болатын.
Айта кету керек, 2023 жылғы 6 қыркүйекте Елдос Қоспаев пен 7 сыбайласы Кипрде ұсталғанын жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу