Елдос Рамазанов Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

1204

Елдос Мұратұлы Рамазанов 2019 жылдың ақпан айынан 2020 жылдың мамыр айы аралығында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды.  

Елдос Рамазанов Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Елдос Мұратұлы Рамазанов 1971 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық секторда, ұлттық компанияларда қызмет істеген.

2004–2006 жылдары - Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары-ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің аппарат жетекшісі қызметтерін атқарған.

2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті, "Атамекен" одағы"Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2013 жылдың қыркүйегінен бастап "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аппаратының жетекшісі болды.

2016 жылдың қаңтарынан бастап "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылғы ақпаннан бастап "Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы" ЗТБ төраға кеңесшісі, бас директор лауазымдарын атқарған. 2018 жылғы маусымда "Ұлттық Олимпиада комитеті" ҚБ бас хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалған.

2018 жылғы қазан айынан бастап -  "Дзюдо федерациясы" РҚБ вице-президенті.

2019 жылғы ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу