Елдос Сметов Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

840

60 келіде сынға түскен екі қазақстандық спортшы қола жүлдеге таласқан болатын.  

Елдос Сметов Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев арасындағы тартысты кездесудің негізгі уақыты тең аяқталды. Ал қосымша уақытта Сметов "иппон" әдісімен жеңіске жетті.

Осылайша, Елдос Сметов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып отыр.

Ал Еске сала кетейік, Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалда өзбек спортшысына есе жіберсе, Елдос Сметов ширек финалда жапон балуанынан ұтылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу