Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов мемлекеттен алатын қомақты қаражатын қайда жұмсайтыны туралы айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
“Әр спортшының арманында – артынан жақсы бір мектеп ашып қалдыру деген ой болады . Қызмет жасап, жинаған тәжірибені бөліскенге не жетсін!? Әртүрлі деңгейде беріліп жатқан қаражат бар. Әр адам өзінің істеп жатқан жұмысы үшін қаражат алады. Маған берілген қаражатты қайда жаратам, қалай жаратам, не істеп жаратам бұл менің жеке өміріме қатысты дүние деп ойлаймын. Бұл менің төртжылдық еңбекақым деп есептеймін. Әр адам жалақысын алу үшін еңбектенеді және ол жалақасын қайда жұмсаса да өзі біледі” – деді дзюдо күресінен шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы.