Чемпионды жерлестері бар сән-салтанатымен күтіп алды. Жылы лебіздерін білдіріп, ел үшін тарихи жеңісімен құттықтады. Оған шапан жауып, ат мінгізіп, көлік тарту етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Чемпион туған жерінің жұрты тарту еткен көлікті алғашқы бапкеріне сыйлады.
"Нағыз Олимпиада чемпионы! Үлкен алғысымды айтамын бұл кісіге. Қандай көлік мінгізсек те аздық етеді! Қазақтың тарихын бес рет жаңарту бастамасын ашып берген кісі – Ахмет Жұмағұлов атамыз, – деген Елдос Сметов ұстазына аудан әкімдігі сыйлаған “Хавал” көлігін тарту етті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу