Елдос Сметов пен ағайынды Оралбайларға және Назым Қызайбайға қымбат автокөлік сыйға берілді

931

Спортшыларымызға биыл ерекше құрмет көрсетілді.

Елдос Сметов пен ағайынды Оралбайларға және Назым Қызайбайға қымбат автокөлік сыйға берілді Фото: kozachkow

Париж Олимпиадасында жүлде алған қазақстандық спортшыларға Жұмабек Жанықұлов пен Сырымбек Тау бастаған кәсіпкерлер бағалы темір тұлпар мінгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы Сырымбек Тау өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады. Атап айтқанда, Елдос Сметовке жол талғамайтын Mercedes-Benz GLE автокөлігі берілсе, ағайынды Нұрбек пен Айбектің әрқайсысына Toyota Pradо мінгізген. Ал, Назым Қызайбайға Mini Cooper автокөлігі сыйға тартылған.

"Бұл спортшылар Қазақстанға медальдың барлық түрін тарту етті. Назым Қызайбай мен Нұрбек Оралбайға Елдостың жолын берсін. Айбек те еленбей қалмасын деп отырмыз. Ол Парижде төрешілердің қысымына ұшырады. Ағалары осылай елеп жатыр", – деді Сырымбек Тау.

Париж Олимпиадасынан кейін елге оралған спортшыларға мемлекет есебінен бөлек, демеушілер ерекше сый-сыяпат көрсетті. Әсіресе, Елдос Сметов ерекше құрмет пен қошеметке ие болған. Оған Қазақстанның бірнеше қаласынан пәтер, бірнеше автокөлік, үйір-үйір жылқы, ақшалай сыйлық табысталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу