Елдос Сметов пен Максим Раков ел чемпионатына қатыспайды

846

Елдос Сметов пен Максим Раков ел чемпионатына қатыспайды

9-13 қараша күндері Ақтөбе қаласында дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты мен кубогы өтеді. Ақтөбе қаласындағы "Жекпе-жек" спорт кешенінде өтетін ел біріншілігіне еліміздің 14 облысы және Астана мен Алматы қаласынан барлық дзюдошылар қатысады.

Еліміздің ең беделді дзюдошылары, атап айтқанда, әлем чемпионы, Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов пен әлем чемпионы Максим Раков жарақаттарына байланысты чемпионатқа қатыса алмайды. Ал қыздар ұлттық құрама командасынан барлық бұрымды балуандар Ақтөбеде белдеседі. Оның ішінде Рио олимпиадасының және әлем чемпионатының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг те бар.

9-13 қараша күндері өтетін Қазақстан Республикасының чемпионаты мен кубогын "Qazsport" арнасы көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу