Елдос Сметов татамиге оралды

1092

БАӘ-де дзюдодан әлемдік "Grand Slam" кезеңі өтеді. Әлемнің 64 елінен 400-ге жуық спортшы қатысатын додаға Қазақстан намысын 12 дзюдошы қорғайды.

Елдос Сметов татамиге оралды

27-29 қазан күндері Біріккен Араб әмірліктерінің астанасы Әбу-Даби қаласында дзюдодан әлемдік "Grand Slam" кезеңі өтеді. Әлемнің 64 елінен 400-ге жуық спортшы қатысатын додаға Қазақстан намысын 12 дзюдошы қорғайды, деп хабарлайды Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі. 

Рейтингтегі үздіктер қатысатын турнирге Қазақстан ерлер командасы мықты құраммен аттанды. Әбу-Даби татамиінде әлем чемпионы Елдос Сметов, биылғы әлемдік сынның күміс жүлдегері Ержан Серікжанов, Азиада чемпионы Дидар Хамзалар күреседі. 

Айта кетелік, Джакаратадағы Азия ойындарындағы жарақатынан соң команда үздігі Елдос Сметов алғаш рет ірі жарысқа қатыспақшы. Сметов Бакудегі әлем чемпионатынан да сырт қалған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу