Жамбыл облысындағы Елдос Сметов тұратын көшеге асфальт төселгені – оның Олимпиада чемпионы болуына еш қатысы жоқ, жол салу жұмыстары жыл басында жоспарланған. Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ол ауылда қазан айында астфальт төселеді деген жоспар болған. Өздеріңіз білесіздер, қазір жол жөндеу бойынша да мемлекеттік жұмыстар оңай емес. Сондықтан процесс басталған еді. Ұтып алған мердігерлер екінші мердігерлермен соттасып, асфальт төсеу мәселесі кешікті. Мерзім бойынша біз шілде айында асфальт төсеуіміз керек болатын. Сол себепті мердігерлер өз тарапынан жолды жөндеп берді. Сметовтің ауылында 6-8 жолды жөндеу жоспарда бар еді. Оған үлгермей жатыр", - деді Қарашөкеев.