Елдос Сметов жарақатына байланысты Grand Slam додасына қатыспайды

710

Екатеринбург қаласындағы жаттығу кезінде Елдостың ескі жарақаты сыр берді. 

Елдос Сметов жарақатына байланысты Grand Slam додасына қатыспайды

Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі басталады. Жарыс фавориті саналған Елдос Сметов аталған сыннан сырт қалды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Екатеринбург қаласындағы жаттығу кезінде Елдостың ескі жарақаты сыр берді. 

"Ақпан айында Алматыда өткен оқу-жаттығу жиындарында иығымнан жарақат алған болатынмын. Кеше жарыс алдындағы жаттығу барысында сол жарақатым сыр беріп, әлі толық қалпына келмегенін көрсетті. Сол себепті, Екатеринбургте өтетін жарысқа қатыспайтын болдым. Бұйырса, осы айдың соңында Анталияда өтетін Гран-При турниріне қатысамын", – дейді Елдос Сметов. 

2018 жылы Елдос Сметов дәл осы турнирдің жеңімпазы атанған болатын. 

Естеріңізге сала кетсек, 15-17 наурыз күндері Екатеринбург қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді. Оған әлемнің 48 елінен 500-ге жуық дзюдошы қатысады. Қазақстан сапынан 19 дзюдошы бақ сынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу