Елдос Сметов жас дзюдошыларға шеберлік сабағын өткізді

1321

Сметов Ақтау қаласына белгілі жаттықтырушы Әділ Бисенқұловтың шақыртуымен барған. 

Елдос Сметов жас дзюдошыларға шеберлік сабағын өткізді

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері және 2015 жылғы әлем чемпионы Елдос Сметов Ақтаудағы жас дзюдошылармен шеберлік сабағын өткізді, деп жазады Olympic.kz. 

Сметов Ақтау қаласына белгілі жаттықтырушы Әділ Бисенқұловтың шақыртуымен барған. 

"Шеберлік сабағы өте керемет өтті. Өйткені, мұндағы жастардың дзюдоға деген қызығушылықтары өте жоғары екен. Бұған көзім анық жетті. Жас спортшылар әр сөзімді мұқият тыңдап, әрбір әдісті меңгеріп алуға тырысты. Елімізде болашақ чемпиондардың өсіп келе жатқаны қуантады. Мені бар зейінімен тыңдап, дзюдоға жан-тәнімен берілген балғын спортшыларға бар білгенімді айтып, тәжірибеммен бөлісіп қайттым", – дейді Сметов.

Айта кетелік, Елдос Сметов Будапештте өткен Гран-при турнирінде топ жарып, олимпиадалық рейтингте 5-ші орынға көтерілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу