Қазақстандық дзюдошы 60 келі салмақта финалда франциялық Лука Мхеидзенің осал тұсын тапты.
"Қолдау көрсеткен қазақстандық азаматтарға ризашылық білдіреміз. Оған барлық тілеулес жұрт, бапкерлері үлкен сенім артты. Елдің сенімін ақтады", - деді әкесі Бақтыбай Сметов.
Анасы Тоқтагүл Сметова баласының әрбір кездесуін теледидар арқылы тамашалай алмайтынын айтады.
"Ол күрескен кезде тілеуін тілеп далада жүремін. Белдесу өтетін бес минут мен үшін ұзаққа созылады. Көк туымызды көкке көтеруіне қашан да тілекші болдым", - дейді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу