Қола медаль үшін белдесуде ол моңғолиялық Йондонперенлей Баскхуға қарсы шығуы тиіс еді. Алайда, қазақстандық дзюдошы жарақатына байланысты кездесуге шығудан бас тартты.
Нәтижесінде, моңғолиялық балуан қола жүлде иеленсе, Жұмақанов жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Айта кетелік, әзірге Қазақстан қоржынында бір медаль бар. Алғашқы жарыс күнінде Ғұсман Қырғызбаев (60 келі) күміс жүлдегер атанған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу