Электонды үкімет порталына сағатына 15 млн-ға дейін өтініш келіп түскен

1249

ХҚКО-ның 2 мыңнан астам қызметкері egov.kz порталының колл-орталығына ауыстырылды.  

Электонды үкімет порталына сағатына 15 млн-ға дейін өтініш келіп түскен

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте төтенше жағдай уақытында интернет желісі мен электронды үкімет порталының жұмысы туралы баяндады.

"Халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылғаннан кейін Электронды үкімет порталының жүктемесі артты. Осы уақыт аралығында 1 млннан астам электронды-цифрлы қызмет көрсетілді. Әдетте порталға бір сағатта 600 мың өтініш түсетін, төтенше жағдай кезінде бұл жүктеме сағатына 15 млн-ға дейін жетті", – деді Асқар Жұмағалиев.

Сонымен қатар министр колл-орталықтардың да жүктемесі артқанын айтады. Сондықтан Халыққа қызмет көрсету орталығының 2 мыңнана астам қызметкері колл-орталыққа жұмысқа ауыстырылған.

"Әдетте Элктронды үкімет порталының колл-орталығына күніне 25-30 мың қоңырау келіп түсетін. Қазіргі кезде мамандар күніне 600 мың қоңырау қабылдайды. Сондықтан ХҚКО-лардың 2 мыңнан астам қызметкері қашықтан жұмыс істеу үшін колл-орталықтарға ауыстырылды", - деді министр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу