Электр энергетикасы жөніндегі заңнамаға өзгертулер қабылданды

840

Электр энергетикасы жөніндегі заңнамаға өзгертулер қабылданды

Электр энергетикасы мәселелері жөніндегі заңнамаға бірқатар жаңашылдықтарды қарастыратын өзгерту енгізілді. Бұл туралы ҚР премьер-министрі кеңсесінің баспасөз орталығында ҚР энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев Қазақстанның электр энергетикасы саласында "100 нақты қадам" - ұлт жоспарын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"Тарифтерде 2 құрауыш ерекшеленеді: күрделі шығындарды қаржыландыру және электр энергиясы өндірісінің ауыспалы шығындарын жабу үшін пайдаланылатын электр энергиясы үшін төленетін ақы белгіленетін болады. Бұл "шығынды өтеу" әдісі бойынша тарифтерді бекітетін қазіргі ахуалды өзгертуге мүмкіндік береді", - деді Бақытжан Жақсалиев. 

Ол айтып өткендей, ынталандыру механизмдерін нығайту негізінде  энергия тарататын ұйымдарды босату жүзеге асырылады. 

"Елдің энергетикалық кешенін ырықтандыру мен жекешелендіру нәтижесінде  электр тарататын ұйымдардың саны көбейді.  Бүгінде олардың саны  160-ты құрап отыр. Олардың атқаратыны бір қызмет электр энергиясын тарату. Ынталандыру механизмдерін нығайту негізінде  энергия тарататын ұйымдарды босату жүзеге асырылады", - деді вице-министр.

Сонымен қатар, оның айтуынша, ұйымдарға диспетчерлік  технологиялық басқарманың болуы, атесттатталған, кешенді  оқытылған ұжымға ие болу, жүйелік оператор, автоматтандырылған  коммерциялық есеп жүйесінің болуы туралы талаптар қойылады.

"Осы шаралар ЭБҰ санын 2022 жылға дейін 30 пайызға (160-тан 110-ға дейін) азайтуға және энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, иесіз деп танылған электр желілері мәселесін шешуге мүмкіндік береді", - деді Бақытжан Жақсалиев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу