Электр энергиясы 6%-ға қымбаттайды

2970

Энергетика министрлігі электр қуатының өзіндік құнын 15,7%-ға көтеріп жіберді.

Электр энергиясы 6%-ға қымбаттайды

Енді соның кесірінен қарапайым халық үшін баға желтоқсан айынан бастап, 6%-ға қымбаттатылмақ, деп хабарлайды Atameken Business.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті бүгін осындай мәлімдеме жасады. Ведомство төрағасының орынбасары Ерболат Ибрайхановтың айтуынша, жарықтың қымбаттауына олардың түк қатысы жоқ.  Себебі маусымдық кезеңге сәйкес көмір, теміржол тасымалы және газ сынды реттелмейтін тауарлардың ақысы да өскен. Ал оны бақылауға комитеттің  құзыреті жеткіліксіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу