"Электр энергиясы қымбаттауы әбден мүмкін"

1157

Сенатта "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы" хаттаманы ратификациялау мәселесі мақұлданды. Баяндама жасаған депутат Әлімжан Құртаевтың айтуынша, заң жобасын қарау кезінде бірнеше мәселе туындаған.  

"Электр энергиясы қымбаттауы әбден мүмкін"

"Бірінші, бүгінгі таңда Қазақстанда электр энергиясының бағасы одаққа мүше мемлекеттер арасында Қырғызстаннан кейінгі ең төмен бағалардың бірі. Беларусьте – 42 теңге, Арменияда – 34 теңге, РФ-да – 23 теңге, ҚР-да – 18,6 теңге, Қырғызстанда – 10 теңге. Ортақ электр энергетикалық нарықтың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу барысында нарықтардың айырмашылықтары ескеріліп, ортақ нарықтың электр энергиясын өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық мүдделерінің теңгерімі сақталуы тиіс. Сондай-ақ әлеуметтік шиеленіске жол бермеу мақсатында электр энергиясына тарифтердің күрт өсуін болдырмау үшін үкімет тиісті  шаралар әзірлеп, қабылдауы тиіс", – деді Құртаев.

Айтуына қарағанда, екінші мәселе электр энергетикасы жүйесіндегі жабдықтардың тозу деңгейі айтарлықтай жоғары болуына қатысты. 

"Энергия өндіруші ұйымдарда тозудың орташа көрсеткіші – 53%, өңірлік электр желілік компанияларда – 66%. Қазіргі уақытта уәкілетті орган жаңа қуаттарды іске қосу және жұмыс істеп тұрғандарды жаңғырту бойынша жұмыс жүргізуде. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығынының қалыптасуына қарамастан, Қазақстанда электр энергиясы тарифтерінің өсуі әбден мүмкін", – деді депутат.

Депутат айтқан мәселені энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовтен сұрап көрдік. Ол үкімет мараторий енгізген 180 күннен кейін не болатынын нақты айта алмады, "мәселе мұнай, көмір, газ бағаларына байланысты болады" дегенді айтты. 

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу