Электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

840

Электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысында электр қуатының бағасы қымбаттауы  мүмкін. Аймақты электр энергиясымен қамтамасыз ететін монополист компания орташа тарифті 3,9 пайызға көтеруді көздеп отыр.

Осыған орай Өскемен және Семей қаласында қоғамдық тыңдау өтіп, осы мәселе қызу талқыланды. "Шығысэнерготрейд" компаниясының өкілдері тұрғындар алдына шығып, тарифтің неліктен өсетінін түсіндірді.

Олардың айтуынша, тұтынушыға қызмет көрсету, есепшот ұсыну, дебиторлық қарызбен жұмыс жүргізу үшін қаражат жеткіліксіз. Сондықтан, 1 мамырдан бастап тарифті көтеруге бел буып отыр. Егер өтініш қанағаттандырылмаса, компания банкротқа ұшырауы әбден мүмкін дейді, серіктестік өкілдері.

Қазірдің өзінде мекеменің шығыны 900 млн теңгеден асқан. Тұрғындар мен қоғамдық ұйым өкілдері болса, бағаны өсіруге негіз жоқ дейді. Мәслихат депутаттары әлі де біраз мәселені түсіндіріп, экономикалық тұрғыдан дәлелдеуді талап етті. Электр энергиясы қымбаттаса, кәсіпкерлер де өз өнімінің бағасын өсіріп жіберетінін еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу