Электр энергиясы тарифтері көтеріледі

836

Қанша пайызға екендігі әзірге белгісіз. 

Электр энергиясы тарифтері көтеріледі

Қыркүйекте электр энергиясының тарифтері нақтыланады. Бұл туралы елдегі электр энергиясына тарифтерді белгілеу бойынша Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп жазады inbusiness.kz.

"Иә, күтіледі. Мен бұған дейін мораторий аяқталғанын атап өттім. Тарифтердің өсуіне әсер ететін бірқатар факторлар бар. Бірақ комитет халық үшін оның күрт өсуін болдырмау мақсатында икемді тарифтік саясат жүргізетін болады. Сонымен қатар тұтынушылар қаражатының мақсатты жұмсалуына бақылау жүргізіледі", – деді ҚР ҰЭМ ТМРК төрағасының орынбасары Тимур Қосымбаев.

Брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов шекті тарифтерді көтеру туралы бұйрықтың жобасына тоқталды. 

"Осы бұйрық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілді. Қазақстан бойынша энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерінің орташа өсуі 10-12% деңгейінде болжануда. Бұл ретте Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің батыс аймағынан басқа Қазақстанның барлық өңірлері бойынша электр энергиясын өткізетін Екібастұз ГРЭС-1-нің шекті тарифі өзгеріссіз қалды. Екібастұз ГРЭС-1-нің шекті тарифін ұйымдардың басқа станциялары тарифтерінің 4-тен 12%-ға дейінгі диапазонда ұлғаюы аясында сақтау түпкілікті тарифтерге ең аз әсер етеді. 47 энергия өндіруші ұйымның 21 энергия өндіруші ұйымы бойынша тариф бұрынғы деңгейде сақталды", – деді спикер.

Вице-министр шекті тарифтерді қайта қарау сала мамандарының жалақы мәселесін шешуге мүмкіндік береді деп отыр. Брифингте Жандос Нұрмағанбетов тарифті қымбаттатпаудың басқа амалдары бар ма деген сұраққа нақты жауап бере алмады. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу