Электр энергиясымен жабдықтау нарығындағы саралау тәсілі жойылады

576

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин болашақта электр энергиясының саудасы 30%-ға ұлғаятынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Электр энергиясымен жабдықтау нарығындағы саралау тәсілі жойылады

Төрағаның сөзінше, бүгінгі таңда ұйымдастырылған сауда-саттықта электр энергиясының тек 1%-ы ғана сатылады. Қалғаны ашық емес, тікелей келісімшарт бойынша саудаланады. 

"Осыған байланысты 2025 жылға дейін ұйымдастырылған электр энергиясы саудасы кем дегенде 30%-ға дейін артады. Сонымен қатар біз электр энергиясымен жабдықтау нарығындағы саралауды жоюды жоспарлап отырмыз. Мұның  барлығы жыл сайын 20 млрд бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Біздің есебіміз бойынша, 31 млрд шағын және орта бизнес үшін шығын бөлігі үнемделеді", – деді Серік Жұманғарин. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу