Негізгі көрсеткіштерге Энергетика министрі тоқталды.
"2022 жылдың қорытындысы бойынша 112,7 млрд кВтсағат көлемінде немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98,5% көлемінде электр энергиясын өндіру күтілуде. 2023 жылғы электр энергиясын өндіру жоспары 114,9 млрд кВтсағатты құрайды", – деді министр.
Жаңартылатын энергия көздері бойынша өндіріс 4,5 млрд кВтсағатты құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 6,6% - ға артық. 2023 жылы жоспар 5 млрд кВтсағат.
"2022 жылы 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерім әзірленіп, бекітілді, оның шеңберінде электр энергиясын өндіру және тұтыну жөніндегі болжамдарды есептей отырып, энергетикалық кешенді дамыту қарастырылды", – деді Энергетика министрі Болат Ақшолақов.
Биыл жалпы қуаты 385 МВт болатын 12 жаңартылатын энергия көздері жобасы іске асырылды. 2023 жылы қуаты 257 МВт болатын тағы 15 жаңа жаңартылатын энергия көздері жобасын іске қосу жоспарлануда.
Қуаты 1 200 МВт маневрлік генерация жобалары және қуаты 440 МВт жаңартылатын энергия көздері жобалары бойынша аукциондық сауда-саттық сәтті өткізілді.