Электр энергиясын сатып алуға қатысты келісімшарттың қолданылу мерзімі ұзарады

688

Инвестор төмен тариф ұсынса, тұтынушының шығыны азаяды.  

Электр энергиясын сатып алуға қатысты келісімшарттың қолданылу мерзімі ұзарады

Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісов жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша заң жобасын таныстыру барысында осылай деп мәлім етті.

Ол жаңартылатын энергетиканы дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін электр энергиясын сатып алуға қатысты келісімшарттың қолданылу мерзімі 15 жылдан 20 жылға дейін ұзаруы мүмкін екенін мәлімдеді. 

"Электр энергиясын сатып алуға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін 15 жылдан 20 жылға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерінің электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыру мерзімін 5 жылға ұзарту ұсынылды. Ол инвесторға аукциондық саудада неғұрлым төмен тариф ұсынуға жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде тұтынушылардың шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді", – деді депутат. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу