Электр энергиясын тұтыну 50 пайызға артпақ

1088

Электр энергиясын тұтыну 50 пайызға артпақ

2050 жылы елдегі электр энергиясын тұтыну мөлшері 50 пайызға артады. Мұндай болжамды Астана өтіп жатқан Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар конгресінде энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Оның айтуынша шамамен 30 жылдан кейін электр энергеиясын қолдану көлемі сағатына 123 млрд киловатқа жетпек. Ол кезеңдерде ескі қуаттар жаппай істен шығады, деді сала басшысы. Сондай-ақ, министр баяндағандай 2050 жылға қарай Қазақстандағы мұнай өнімдеріне деген сұраныс 18 млн тоннаға, ал газға 20 млрд текше метрге дейін артады.

Қанат Бозымбаев, ҚР энергетика министрі: "Күрделі өзгерістер келе жатқанда біздің мемлекет не істеуі керек? Дүниежүзі бойынша шикізатты тұтыну мөлшері 2030 жылы ең белсенді шегіне жетеді. Сол жылдарға дейін Қазақстан мұнай өндірісін арттыра түсуі керек. Жаңа автокөліктер паркінің 33 пайызы электромобиль болады деген болжам қара алтынға деген сұраныс төмендейді деген сөз емес. Керісінше екі есе арта түседі"

Айта кетейік, әлемнің 51 елінен келген 1000-ға жуық қатысушының 300-і шетелдік ғалымдар. Ал аталмыш конгресс Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия бойынша алғашқы рет өткізіліп отыр. Беделді де білікті мамандарға отандық өнертапқыштар да өз туындыларын таныстырды. Ел ғалымдарының айтуынша қолдар қаражат болса, тиімді бастамалар аз емес көрінеді.

Жүзбай Қасымбеков, ҚР еңбек сіңірген өнертапқыш: "Мұның қазіргі қолданып жүргеннен айырмашылығы бұрынғы ГЭС-терде суды тазалау үшін мынандай үлкен қондырғы қолданылатын. Ал ол қондырғыны салу бүкіл ГЭС-ке кететін қаржының 25 пайызын құрайды. Ал бұл жерде шығын бар болғаны 7 пайызды құрайды. Біз 23 пайыз үнемдеудің жолын таптық."

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу