Министр мақсатқа жету үшін "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасының төртінші бағыты: энергетикалық кешенді жаңғыртуға басымдық берілетінін баяндады.
"2025 жылға дейін жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғырту есебінен 5 404 МВт қосымша қуатты, оның ішінде 2 400 МВт жаңартылатын энергия көзі қуатын, 1 400 МВт бу-газ қондырғыларын және 1 604 МВт іске қосу жоспарланған", – деді Әсет Ерғалиев.
Министр Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстары арасында электр жеткізу желісінің екінші тізбегін салынатынын жариялады.
"Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясының үлесі 6%-ға жетеді. Жобаны іске қосу экономиканың электр энергиясына қажеттілігін 120 млрд кВт/сағатқа дейін қысқартады", – деді Әсет Ерғалиев.
Қанат Махамбет