Электр энергиясына қолжетімділік бойынша рейтингте Қазақстан көш бастады

934

Елімізде Еуропа елдерімен салыстырғанда тарифтер төмен. 

Электр энергиясына қолжетімділік бойынша рейтингте Қазақстан көш бастады

"РИА Рейтинг" сарапшылары биылғы жылы ұсынған халықың электр энергиясына қолжетімділігі бойынша Еуропа елдерінің рейтингінде Қазақстан тариф құны ең төмен ел ретінде көш бастап тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Баға төмен ТОП-3 елдерге Ресей және Украина кірді. Осылайша Қазақстан да Ресей сияқты халық үшін электр қуатының қолжетімділігі бойынша алғашқы он елдің қатарына енді. Рейтингке сәйкес, елімізде орташа айлық жалақыға 13,99 мың кВт/сағ электр энергиясын сатып алуға жетеді. Бұл рейтингте 8-орын. Ресей 13,44 мың кВт/сағ көрсеткішімен ТОП-10 елдің қатарын қорытындылады. Бірақ Украина электр энергиясының арзандығына қарамастан, жалақының төмендеуіне байланысты 28-орынды иеленді (6,61 мың кВт/сағ). Рейтингті Исландия мен Норвегия ашса, Молдова ең соңында тұр.

Айта кетейік, Исландия мен Норвегия да бір адамның электр энергиясын тұтыну бойынша елдер рейтингінде көш бастап тұр: 2019 жылы Халықаралық энергетика агенттігінің (IEA) мәліметтері бойынша, жан басына шаққанда 52,5 мың және 23,8 мың кВт/сағ көрсеткішіне тұрақтаған.

Қазақстан жан басына шаққанда 5,2 мың кВт/сағ көрсеткішпен бұл рейтингте 143 елдің ішінде 41-орынға ие болды. Орталық Азия және ЕАЭО елдері арасында еліміз Ресейден (жан басына шаққанда 7 мың кВт/сағ) кейінгі екінші орында тұр, сол арқылы басқа мемлекеттерді басып озды. Осылайша, Беларусь небәрі 60, Украина – 67, Әзірбайжан – 80, Молдова – 81, Армения – 82, Қырғызстан – 84, Өзбекстан – 87, Тәжікстан – 90-орынға ие болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу