Электр энергиясының тарифі тағы өсе ме?

319

Тарифтердің өзгеруіне бірқатар факторлар ықпал етеді.

Электр энергиясының тарифі тағы өсе ме? Фото: okron.ru

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов электр энергиясының тарифтеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Вице-министрдің сөзінше, құзырлы орган ведомство электр станцияларының өндірістік тарифтерін ғана бекітеді.

"Біз оларды жылына бір рет қарастырамыз. Әр жыл сайын өзгерістер енгізіледі. Биыл 1 ақпаннан бастап станцияларда тарифтер орта есеппен 20%-ға көтерілді. Оның себептері де жоқ емес. Біріншіден, шикізат тарифтері, атап айтқанда, көмір бағасы қымбаттады, қосалқы бөлшектердің бағасы өсті, оған инфляциялық процестер әсер етіп жатыр. Екіншіден, кадр бойынша мәселе. Біз станцияларда жұмыс істейтіндердің жалақысын кезең-кезеңімен арттырып жатырмыз. Қазіргі таңда өндірістегі білікті мамандардың орташа жалақысын 400-420 мың теңгеге жетті. Бұл да тарифке әсер етеді", - деді ол  Сенат кулуарында.

Бұдан басқа жөндеу жұмыстары мен сапалы жабдықтарды сатып алуға қаражат кетеді.

Жеке нарықтағы тарифтерді табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу