Электр энергиясының тарифтері 9%-ға өсті

900

Бұл ретте электр қуатын өндіру аздап төмендеді.

Электр энергиясының тарифтері 9%-ға өсті

2022 жылдың қаңтар-сәуірінде электр энергиясын өндіру 40 млрд кВт/сағ құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға аз, деп жазды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Осыған дейін салада екі жыл бойына өсім байқалған болатын. Өңірлер бойынша 42,6%-ы немесе өндірілген энергияның 17 млрд кВт/сағаты Павлодар облысына тиесілі. Сондай-ақ айтарлықтай көлем Қарағанды ​​(4,8 млрд кВт/сағат), Шығыс Қазақстан (3,1 млрд кВт/сағат) және Атырау (2,8 млрд кВт/сағат) облыстарына келеді.

Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында елде 30,7 млрд кВт/сағат электр энергиясы өндірілген, бұл 2021 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 0,2%-ға артық. Электр энергиясының едәуір бөлігі дәстүрлі түрде жылу және газ турбиналық электр стансаларында өндірілді (28,1 млрд кВт/сағат, бұл өткен жылмен бірдей). Су электр стансаларында электр энергиясын өндіру 4,8%-ға төмендеп, 1,8 млрд кВт/сағат құрады, ал жаңартылатын энергия көздері объектілерінің өнімділігі бірден 20,6%-ға өсіп, 836,4 млн кВт/сағат болды. 

Электр энергиясын тұтыну бір жылда 1,3%-ға өсіп, 2022 жылғы қаңтар-наурызда 30,4 млрд кВт/сағатты құрады.

Биылғы жылдың мамыр айына қарай бағаның өсуі бірден 8,7%-ды, бір жыл бұрын 7%-ды құрады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу