Электр көлігі бар мәскеуліктер салықтан босатылады

1186

Қазір қалада оларды қуаттайтын 76-дан астам станция бар.  

Электр көлігі бар мәскеуліктер салықтан босатылады

Мосгордума 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін электр қуатымен жүретін көліктердің иелеріне салық салмау туралы заң қабылдады.

Жеңілдік іштен жанатын қозғалтқыш қана емес, сонымен қатар электрлі қозғалтқыш орнатылған гибридті автокөліктерге жасалмайды. Осылайша шаһар билігі жүргізушілерді экологиялық таза көліктерге көшуге ынталандырмақ.

2019 жылдың қаңтар айында Мәскеуде 405  электрокар тіркелсе, ал жалпы ел бойынша олардың саны 4600-ден асып жығылады.

Айта кетейік, Мәскеудегі көлік салығының көлемі шамамен 7-150 рубль аралығында. Қазір мегаполисте мұндай темір тұлпарларды қуаттайтын арнайы станциялар салынып жатыр. Бүгінгі таңда қалада 76-дан астам станция бар.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу