Электр көліктерін өндіруге 300 миллиард доллар бөлінеді

1107

Авто нарықтағы инвестицияның 45 пайызы Қытайға құйылады екен.

Электр көліктерін өндіруге 300 миллиард доллар бөлінеді

Әлемдік авто өндірушілер электр көліктеріне 300 миллиард доллар қаржы бөлуді жоспарлап отыр.  Reuters агенттігі жүргізген зерттеуге сүйенсек, авто нарықтағы инвестицияның 45 пайызы Қытайға құйылады екен, деп хабарлайды egemen.kz.

Авто өндірушілер алдағы 5-10 жылда аккумуляторлар мен электромобильдерді дайындауға және сатып алуға қомақты ақша бөледі. Алпауыт компаниялардың мұндай қадамға баруы қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне, мемлекеттік саясатқа байланысты. Сондай-ақ аккумуляторлардың құны азайып, технологияның күрт дамуы осындай қадамға себеп болып отыр.

Reuters келтірген деректерге сүйенсек, электр көліктеріне көп қаржы болған германиялық Volkswagen компаниясы екен. Олар 91 миллиард доллар инвестиция жасауды көздеп отыр. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, бұл – Египет пен Чилидің экономикасынан көп. Электр автомобиль нарығына бөлінетін қаржының 135 миллион доллары Қытайға салынады.

Қытайдың үкіметі бекіткен квоталар, несиелер мен ынталандыру жүйесіне иек артқан. Сондықтан, Қытайдағы негізгі авто өндірушілердің жұмсайтын қаражаты Volkswagen, General Motors секілді компаниялармен теңесуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу