Электр қуатына наразы тұрғындар жолды жауып тастады

416

Ақтау қаласының 20 шағын ауданындағы "Otyrar city" тұрғын үй кешенінің тұрғындары электр қуатына наразылық білдірді. 

Электр қуатына наразы тұрғындар жолды жауып тастады Фото: inbusiness.kz

"Otyrar city" тұрғын үй кешенін "K7 Group" компаниясы 2021 жылы салған.

"Тұрғын үй кешенінің инженерлік желілері әлі күнге дейін қала билігінің балансына тапсырылған жоқ. Электр желісі құрылыс компаниясының иелігінде. Осыған сүйене отырып, Ақтау қаласының коммуналдық қызметтері желілердің жай-күйіне толыққанды мониторинг жүргізе алмайды. Ақтау қаласының әкімдігі осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жылжымайтын мүлік сатып алуды шешуші азаматтарға осы мәселеге жанжақты қарауды, құрылыс салушының барлық қажетті құжаттарының бар-жоғын тексеруді тағы да еске салады", - деп хабарлады Ақтау қалалық әкімдігің мамандары. 

"АЭжБУ" МКК "Otyrar city" ТК-де электр энергиясын ажырату жағдайын түсіндірді.

"Энергия беруші кәсіпорын 19 тамызда сағат 17:10-да жоғары вольтты авариялық ажырату орын алғанын хабарлайды. "АЭжБУ" МКК жедел-көшпелі бригадасымен 19, 19А, 20 және 33 шағын аудандардағы үйлерде жоғары вольтты кабельдің зақымданғаны анықталды. Келесі күні, 20 тамызда, сағат 05:20-да электр қуаты қалпына келтірілді. Ұзақ мерзімді өшіруді болдырмау үшін құрылыс салушы жүктемені азайтуы керек. "K7 Group" кабельді жүргізуі керек. Ақтау әкімдігі өз кезегінде жоғарыда аталған желіні жүргізу үшін қызмет ұсынуға дайын", - деп хабарлады "АЭжБУ" МКК.                                                                                                                                                                           

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу