Электр қуатының бағасы екі есе төмендеді

518

Таразда электр қуатын зауыттан қымбат құнға тұтынып келген тұрғындар мәселесіне нүкте қойылды. 

Электр қуатының бағасы екі есе төмендеді Фото: Егемен Қазақстан

3 ай бұрын  жарық үшін екі есе артық төлейміз деген жұрттың жанайқайы жетер жеріне жетті. "Шөлдала" алқабындағы қуат көзі зауыттан ажырап, тікелей қала желісіне жалғанды. Бұдан былай бұқара 1 киловатт үшін 15 теңге төлемек. Бұрын бұл сома 30 тг шамасында болды. Жалпы алқаптағы электр әу баста "Қазфосфат" зауытына жалғанған.

Сондықтан артық төлем қарашаның қалтасын қағып келді. Қалалық әкімдік трансформатор мен сым тарту жұмысын былтырдан бері қолға алдық дейді. Берген мәліметке сай электр бағаналары тым ескірген. Енді жазға дейін шаһардың шалғай саяжайындағы 1200 үй қалалық электр желісіне жалғанбақ. Бұл үшін республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге қаралыпты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу